Педагогикалық кеңес

1.  Жалпы мәліметтер

1.1 Педагогикалық кеңес колледжiмiздiң басқару нысандарының бiрi болып табылады.

1.2 Педагогикалық кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін сақтай отырып, Колледж Жарғысын бұзбайды.

1.3 Педагогикалық кеңестің негізгі құзыретіне  мәселелерді  ұжымдық талқыға салу кіреді.

 

2.  Педагогикалық  кеңестің міндеттері

Педагогикалық кеңестің негізгі міндеттері:

2.1 колледждегі  кәсіби -дайындық үдерісінің жағдайын, білім берушілердің кәсіби дайындық деңгейін, білім алушылардың меңгеруін, тәрбиеленуін  және дамуын  диагностикалау;

2.2 колледж дамуының  кешенді бағдарламаларын, әр білім беруші мен әр өндіріс ісі шеберінің кәсіби шеберлігі мен өнерін дайындау;

2.3 оқу сапасын жоғарылату  мақсатында Колледж ұжымын  бір күшке жұмылдыру;

2.4 республикамыздың  экономикасының  перспективтік дамуын, нарықтық жұмыс қажеттіліктерін есепке ала отырып,  кадрлар бөлімінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

2.5 білім алушылардың өзіндік-бағдарландырылған білім  және тәрбие алуын камтамасыз ету;

2.6  колледждің оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың компетенттік әдістерін қалыптастыру;

2.7 оқу-тәрбие үрдісінің  нәтижесі мен тиімділігін мониторингілеудің түрлері мен әдістерін дамыту;

2.8 колледжде оқу-тәрбие жүйесін  ұйымдастырудың  шығармашылық жолдарын қамтамасыз ету.

 

3. Педогогикалық кеңестің кұрамы

3.1. Педагогикалық кеңестің құрамына кіретіндер: - колледж  әкімшілігі, - барлық оқытушылар және жұмыс істейтін қызметкерлер, - негізгі кәсіпорындар, мекемелер, - білім алушылар  мен ата-аналар қоғамы өкілдері;

 

3.2 Педагогикалық ұжымның өкілі жиналыста  ашық дауыспен сайланады (әрбір сайланушыны оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері ұсынады).

 
 

Білім алушылар компьютерлік кабинеттер мен шеберханаларда өз зертханалық жұмыстарын жүргізе отырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.