Біздің ПД2-19Р тобының студенті Лесбекова Асель Елбасы медалін алды!

Біздің ПД2-19Р тобының студенті Лесбекова Асель Елбасы медалін алды!

Біздің ПД2-19Р тобының студенті Лесбекова Асель Елбасы медалін алды! Жеңімпаздарға бағалы марапатты әкім Бақытжан Сағынтаев табыстады!

«Елбасы» медалі - бұл жастардың жан-жақты дамуына бағытталған жалғыз ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Ол міндетті апталық есеппен 5 түрлі бағыттан тұрады.

Бастапқыда бүкіл Республика бойынша 11 мың адам тіркеліп, мың адам ғана соңына жете алды . Алматыда қатысуға 571 адам өтініш білдірді, оның ішінде 90 адам финалға өтті. Елбасының медалі «Алтын белгіге» тең. Оның онына Алматы қаласының әкімі медальдар табыс етті.

Олардың арасында біздің ЛЕСБЕКОВА ӘСЕЛ бар!

Әсел көптеген Республикалық және Халықаралық турнирлер мен қыздар арасындағы шахмат чемпионаттарының қатысушысы және жеңімпазы. Әсел жедел шахматтан (рапидтен) «18 жасқа дейінгі» санаттағы Қазақстан Республикасының чемпионы, сонымен қатар классикалық және «найзағай шахматы» (блиц) санатынан екінші жүлдені иеленді, осыған байланысты ол Азия чемпионатында Республикамыздың атынан қатысу құқығын жеңіп алды.

Тамыз айында Әсел Вебстер университеті ұйымдастырған американдық турнирге қатысып, оқу грантын жеңіп алды. Ол сондай-ақ Әзірбайжанда өткен екі халықаралық турнирге қатысып, үшінші және бірінші орындарды иеленді.

Жақында Әсел Американдық Халықаралық Онлайн Турнирде, Susan Polgar Foundation World Open Online сайысында бақ сынасты.

Міне, осындай өсіп келе жатқан жұлдыз біздің колледжде оқиды!

 Біз Әсел үшін өте қуаныштымыз, біз оны мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз !!!

967d9053-47f7-478e-ab1d-0a034d4db90f.jpg

a1a478fe-5210-47b6-a0ab-0c275b82a90e.jpg

347cb7f9-b5bb-4623-9057-9e80ea16bc66.jpg

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org