It колледж студенттерінің Ар-намыс кодексі

It колледж студенттерінің Ар-намыс кодексі

Мен, Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжінің студенті, еліміздің білікті мамандарын даярлау жөніндегі колледждің миссиясын іске асыру үшін өз жауапкершілігімді сезіне отырып, студенттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдау мен дамытуды, Қазақстан Республикасының кәсіби кадрларын даярлау жөніндегі жетекші білім беру ұйымы ретінде колледждің имиджін сақтауды өз борышым деп санай отырып, Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі студентінің осы Ар-намыс кодексін қабылдаймын, оны бұлжытпай ұстануға міндеттенемін.

1-бап

IT колледж студенті Конституцияны құрметтеуге және ҚР заңдарын сақтауға, ұлттық мәдениетке, тарихқа және мемлекеттіліктің қалыптасуының көпғасырлық дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.

2-бап

Колледж студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, саяси, діни немесе дүниетанымдық нанымдарына қарамастан құрметпен қарау керек.

3-бап

Колледж студенті тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған қоғамға қарсы мазмұндағы ақпараттың таралуына жол бермеуі тиіс, рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, пикеттерге, акциялар мен шерулерге қатыспауы тиіс, сондай-ақ колледждің атағы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Барлық жағдайларда колледж студенті өз іс-әрекетіне ойланып, олардың мүмкін болатын салдарын болжауы тиіс.

4-бап

Колледж студенті өз ой-өрісін үнемі кеңейтіп, өз білімдерін тереңдетіп, колледждің үздік дәстүрлерін қастерлеп, дамытып отыру керек. Студент колледж беделіне, имиджіне қамқорлық жасап, оның мүдделерін қорғауы, колледж беделіне нұқсан келтіретін жағдайлардан аулақ болуы керек.  Студент колледж жарғысын, оның рәміздерін білуге, Колледж дәстүрлерін құрметтеуге және көбейтуге міндетті.

5-бап

Студенттің басқа студенттермен, оқытушылармен, әкімшіліктермен және колледждің басқа да қызметкерлерімен қарым-қатынасы өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа, мәдениеттілік пен әдептілікке, сыпайылық пен өзара көмекке негізделуі тиіс. Колледж студентінің мәртебесі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерді, агрессияның әртүрлі нысандарын, әдепсіз қарым-қатынастар, сөздер және нормативтік емес лексиканы қолдану секілді мінез-құлықты болдырмайды. Колледж студенті оқытушылармен, қызметкерлермен және колледж әкімшілігімен қарым-қатынаста субординацияны сақтауға міндетті. Аудиторияға колледж әкімшілігінің өкілдері, оқытушылар мен қызметкерлер кірген кезде ол оларды  орнынан тұрып қарсы алуға міндетті.

6-бап

"IT" студенті кез келген жағдайда сыртқы көріністің мәдениетімен және қарым-қатынас мәдениетімен ерекшеленуі тиіс. Колледж қабырғасында бас киімде болуға тыйым салынады. Сабақ барысында студент қазіргі студенттің имиджіне сәйкес киімнің іскерлік стилін сақтауға міндетті.

7-бап

Студент темекі шегуден, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынудан бас тартуды, оқу және бос уақытты дұрыс ұйымдастыруды, дене шынықтыру мен спортпен айналысуды көздейтін салауатты өмір салты принциптерін басшылыққа алуы тиіс.

8-бап

Колледждің бөлмелері мен аумағында спирттік ішімдіктерді ішуге және басқа да ішімдік ішуге тыйым салынады.

10-бап

Колледж студенті сабақ кестесін сақтауға, ұқыпты болуға және сабаққа уақытында келуге міндетті. Кешіккен студент сабаққа тек оқытушының рұқсатымен ғана жіберіледі.

11-бап

Студент меңгерілетін мамандықтың оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесінде қарастырылған барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Сабақ кезінде студент еркін қозғалу, әңгімелесу, ұялы байланыс құралдарын пайдалану және т. б. сабақ өтуіне қандай да бір кедергі келтіретін және басқаларды оқытуға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Колледж студенті оқу жоспарларында қарастырылған бақылау тапсырмалары мен өзіндік жұмыстардың барлық түрлерін уақытында орындай отырып, өз оқу қызметіне адал қарауға міндетті.

12-бап

Студент колледждің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты және құрметпен қарауға, жабдықтарды сақтауға, оқу аудиторияларында, асханаларда, акт және спорт залдарында, сондай-ақ колледждің техникалық бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға міндетті. Колледждің оқу аудиторияларында, оқу залдарында және оған арналмаған басқа жерлерде тамақ ішуге тыйым салынады. Студент колледждің барлық аумағында тазалық сақтауға, оны абаттандыруға қатысуға міндетті.

13-бап

Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіпкері болуға, шығармашылық тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады.

14-бап

Студент үлкендерге құрметпен қарайды, айналасындағыларға қатысты дөрекілікке жол бермейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық танытады және мүмкіндіктеріне қарай оларға қамқорлық жасайды.

15-бап

Студент парасаттылықтың, мәдениеттің және моральдың үлгісі болып табыллады, парасатсыздық көріністеріне төзбеушілік танытады және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді.

16-бап

Студент салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден толық бас тартады.

17-бап

Студент колледждің дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін сақтайды, колледжде тазалық пен тәртіпті қадағалайды.

18-бап

Студент шығармашылық белсенділікті (ғылыми-білім беру, спорттық, көркем және т.б.) дамытуға, колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджін арттыруға бағытталған кез келген қызметті қажетті және пайдалы деп таниды.

19-бап

Колледж қабырғасынан тыс жерде студент IT колледжінің өкілі болып табылатындығын және оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын әрдайым есте сақтайды.

20-бап

Студент академиялық адалдықтың барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды, олардың ішінде: білімді бақылау процедурасынан өту кезінде басқа тұлғаларға көмекке жүгіну немесе солардан көшіріп алу; жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану; себепсіз оқу сабақтарынан қалу, кешігу және босатылу.

Студент академиялық әділетсіздікің барлық аталған түрлерін қоғам мен жұмыс берушілердің ең жоғары талаптарына сәйкес келетін лайықты маман болу үшін сапалы және бәсекеге қабілетті білім алумен үйлеспейтін ретінде қарастырады.

 

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org