Директордың блогы
Сәлеметсіздер ме, құрметті сайт қонақтары!
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алуға қуаныштымын!
Бұл интербелсенді ресурс колледждің қызметіне қатысты мәселелерді кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады деп үміттенемін.
Әр адамның өз пікірлерін қалдыруға, сұрақтар қоюға, ұсыныстар енгізуге мүмкіндігі бар.
Егер сізде колледждің жұмысын жақсарта алатын ұсыныстар болса, біз оларды қуана қабылдаймыз.
Құрметпен, колледж директоры
Буркутбаева Фаина ВалиевнаСұрақ-жауап
Колледждің қабылдау кеңсесіне тапсыратын құжаттар:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (Аттестат);
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына тапсырғанда:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;
5) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.