Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру туралы ЕРЕЖЕ

Алматы 2020

Алматы қаласының білім басқармасы «Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі» ЖШС 

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын

 ұйымдастыру туралы ереже

1.Жалпы ереже
1.1 Кеңес өз қызметін объективтілік пен әділеттілік, этика, қоғамдық пікір мен ашықтықты ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заңдарына, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.   1.2 Осы Ереже Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметін ұйымдастыруды анықтайды. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) - білім беру ұйымдарында құрылған, мұғалімдердің педагогикалық этиканы сақтау мәселелерін қарастыратын алқалы орган.
1.3 Білім беру ұйымының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне жеке және заңды тұлғалар мұғалімдердің педагогикалық этиканы сақтауына қатысты мәселелер бойынша жүгіне алады.1.4 Кеңес өз қызметінде заңдылық, объективтілік және әділеттілік принциптерін басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері2.1 Кеңестің негізгі міндеті:
1) педагогикалық этиканың бұзылуына мониторинг жүргізу, бақылау, алдын алу;
2) білім беру ұйымында педагогикалық әдептің сақталуын қамтамасыз ету;3) педагогикалық әдептің бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау;4) оқытушылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу.2.2 Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өз құзыреті аясында:1) мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа тұлғаларын жиналыстарда тыңдау;2) білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұрау;3) мұғалімдерден және білім беру ұйымының басқа тұлғаларынан түсініктемелерді талап ету;
4) білім беру ұйымының басшысына педагогикалық этика нормаларын бұзу фактілерін тексеру туралы ұсыныстар енгізу;5) білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу;6) білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық этиканы бұзғаны үшін мұғалімдерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсыныстарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға немесе білім беру ұйымының құрылтайшыларына хабарласу;8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізу.3. Кеңес қызметін ұйымдастыру3.1 Кеңестің өкілеттік мерзімі - үш жыл.3.2 Кеңес төраға, хатшы және Кеңес мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы керек және кем дегенде жеті адам болуы керек.

3.3 Кеңес құрамына төмендегідей тұлғалар кіреді: 

1) кеңес білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен тұруы керек;2) кемінде екі педагог;

3) құрметті демалысқа шыққа педагогтар.

3.4 Білім беру ұйымының басшысы, білім беру ұйымының басқарушы, әкімшілік, көмекші персоналының қызметкерлері, осы білім беру ұйымының студенттері мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары Кеңестің құрамына кіре алмайды. Бұл ретте білім беру ұйымының басқарушы, әкімшілік, көмекші персоналының қызметкерлері Кеңестің хатшысы ретінде қарастырыла алады.3.5 Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады:
1) Кеңесті құру кезінде заңды талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;2) Кеңесті уақытында сайлау үшін қажетті рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;3) Кеңес жұмысына жағдай жасайды және көмектеседі.
3.6 Кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.3.7 Кеңестің төрағасы мен хатшысы Кеңестің бірінші отырысында көпшілік даусымен сайланады.3.8 Кеңес мүшесі, егер ол немесе онымен бірге тұратын оның жақын туыстары тәртіптік іс қозғалған адаммен туыстық қарым-қатынаста болса немесе ресми, аталған адамға басқа тәуелділік болған жағдайда тәртіптік іс талқылауына, дауыс беруге қатыса алмайды. Кеңес мүшесі аталған жағдайларды Кеңес мүшелерін тиісті іс бойынша талқылау және дауыс беру басталғанға дейін хабарлайды.3.9 Кеңес шешімдерді отырысқа қатысқан Кеңес мүшелері көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері дауыс беруден қалыс қала алмайды.3.10 Кеңес төрағасы болмаған кезде оның атынан Кеңес мүшелерінің бірі төраға ретінде қызмет етеді.3.11 Кеңес отырысы хаттама түрінде ресімделеді, оған Кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.4. Кеңес құрамына төмендегі тұлғалар кірмейді:
4.1 сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар;4.2 сот белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырғандар;4.3 мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылғандар;4.4 бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар; 4.5 қатарынан үш немесе одан да көп сағатқа дәлелді себептерсіз жұмысқа (қызметке) келмеуі негізінде босату жағдайларын қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептермен босатылғандар.5. Кеңес төрағасы мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері5.1 Кеңестің жұмыс жоспары және отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізу;5.2 Кеңес отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;5.3 Кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысу.6. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселесін қарастыру кезінде мұғалімнің құқықтары
6.1 қарастырылып отырған мәселе туралы жазбаша ақпарат алу;6.2 қарастырылып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысу;6.3 өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен жеке өзі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл арқылы қорғау;6.4 жазбаша шешім алу;
6.5 қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады
7. Оқытушыға қатысты тәртіптік іс төмендегідей мерзімде тоқтатылады:7.1 Уақытша жұмысқа қабілетсіз болғанда;
7.2 Демалыста немесе іссапарда болғанда;
7.3 Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан босату;7.4 Оқу, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда; 7.5 Хатшы тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адамдарға Кеңес отырысының орны мен уақыты туралы хабарлау жөнінде шаралар қабылдайды.7.6 Кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау, егер отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы отырысқа дейін кемінде үш күн бұрын хабарланған болса, тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың қатысуынсыз өтуі мүмкін.8. Кеңес отырысында қаралатын оқытушының тәртіптік жауапкершілігі мәселелері8.1 Мұғалімнің тәртіптік жауапкершілігін қарастыруға негіз болатын нақты әрекет (әрекетсіздік) болды ма;8.2 Бұл әрекет (әрекетсіздік) тәртіптік құқық бұзушылық болып табыла ма және ол қандай заң нормаларын бұза отырып жасалған;8.3 Педагог этикасын бұзуға жата ма; 8.4 Бұл әрекетте педагог кінәлі деп қарастырыла ма; 8.5 Істі қарау нәтижелері бойынша Кеңес білім беру ұйымының басшысына мұғалімге тиісті жаза қолдануды және (немесе) қолданбауды ұсынады.

8.6 Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

9. Кеңесте тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша ұсыныстар9.1 Білім беру ұйымының басшысы Кеңестің ұсынысын қарастыру кезінде еңбек және басқа заңнаманың талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.9.2 Білім беру ұйымының басшысына мұғалімге тиісті тәртіптік жаза қолдануды және (немесе) қолданбауды ұсыну;
9.3 Мұғалімге қандай жаза түрін қолдану қажеттігі ұсынылады9.4 Тәртіптік істі тоқтату9.5 Мұғалімге қатысты іс жүргізу және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның жазбаша келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org