«Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы ереже

«Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

1.1 «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы – колледждегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.

1.2 «Саналы ұрпақ» ерікті клубы – колледж өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.

1.3 «Саналы ұрпақ» ерікті колледж клубы – колледж директоры бекіткен ереже негізінде клубтың жетекшісі бастауымен жұмыс атқаратын студенттердің бірлестігі.

1.4 «Саналы ұрпақ» ерікті клубының қызметі осы ереже негізінде жүзеге асырылды.

1.5 Клуб жұмысын реттейтін ішкі құжаттарды жетекшісі өзі әзірлейді және колледж директорына ұсынады.

  1. Мақсаттары мен міндеттері
  1. Клуб қызметінің принциптері
  • Еріктілік;
  • Жариялық және ашықтық;
  • Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
  • Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру;
  • Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу;
  • Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық;
  1. «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының рәміздері

4.1 Клуб эмблемасы

  1. Клуб құрылымы және оның жұмысын ұйымдастыру

5.1 Клуб жұмысына қатысуға ынта білдірген студенттер клуб мүшелігіне қабылданады

5.2 Клуб жиналысында ауызша өтініш білдіру арқылы клуб мүшелеріне қабылдануға болады.

5.3 Клуб отырыстары кем дегенде 3 айда бір рет өткізіледі.

5.4 Клуб жетекшісі:

  • Клуб қызметін ұйымдастырады;
  • Кезектен тыс отырыстың өткізілуі туралы шешім қабылдайды;
  • -Әкімшілік кеңестерде, оқушылардың жалпы жиналыстарында клуб жұмысының барысымен таныстырады;
  1. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

6.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие; - Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу; - Кезектен тыс отырыстың өткізілуі туралы шешім қабылдайды; - Әкімшілік кеңестерде, конференцияларда клуб қызметімен таныстырады;

  1. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

7.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие;

  • Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу;
  • Клуб қызметінің сұрақтары бойынша өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасауға;
  • Әлеуметтік маңызды шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар жасау;
  • Клуб штабындағы бар ақпаратты алуға;
  • Өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін клуб штабынан көмек сұрауға.

7.2 Клуб мүшелері төмендегідей міндеттемелерді өз еркімен қабылдайды;

  • ҚР заңнамасы, өз қызметіне қатысты халықаралық құқықтық жалпыға міндетті принциптері мен нормаларын, сонымен қатар Инновациялық техникалық колледжінің КММ жарғысымен белгіленген нормаларды сақтау;
  • Осы ереженің талаптарын орындау;
  • Клуб беделін қорғауға, оның жұмысын насихаттау.
  1. Қорытынды ережелер

Клуб заңды тұлға болып саналмайды, өз қызметін қоғамдық негізде атқарады, коммерциялық емес бірлестік болып табылады, Инновациялық техникалық колледжінің аумағында ғана қызмет етеді.

Клуб жетекшісі: Усманова Б.Н.

Клуб хатшысы: Нұржұмаұлы Б.

 

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org