Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес туралы

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес туралы

1.Жалпы Ереже

1.1. Студенттер арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес - (ары қарай - Кеңес) колледждің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірі.

2.1.Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы негізінде атқарады.

2.3.  Осы Ереже колледждегі қылмыстың алдын алудың нормативтік-құқықтық  негізі болып табылады


2. Мақсаты мен міндеті 

Кеңесті құрудағы мақсат - колледж студенттерінің құқыққа қайшы әрекеттеріне қарсы тұру, сонымен қатар олардың толыққанды сапалы білім алуына жағдай жасау.
 

3. Міндеті

3.1.Колледж студенттері арасында құқықбұзушылықтың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың, токсикоманияның және немқұрайлылықтың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру.

3.2. Бала тәрбиелеуге қатысты міндеттерін толық орындай алмайтын отбасыларды анықтау және осы отбасылармен жұмыс істеу.

3.3. Ата-аналармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу.

3.4. Жанжал жағдайында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

 

4. Кеңес құрамы

4.1. Кеңес құрамына:

  • директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • колледж психологы;
  • колледж оқытушылары;
  • студенттік басқару Кеңесі кіреді.

4.2. Кеңес жұмысына талқыланатын мәселелерге  қатысы бар қызметкерлер, сонымен қатар органдардың, ішкі істер органдарының және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатыса алады.

5. Жұмыс істеу тәртібі

5.1.Кеңес отырысы айына 1 рет өтеді. Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстар өтуі мүмкін. 

5.2. Кеңес отырысында:

  • жұмыс жоспары бекітіледі;
  • топ жетекшілерінің, оқытушылардың есептері және анықтамалары тыңдалады;
  • ата-аналар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, ішкі істер органдарының  өкілдері шақырылады;
  • мінездемелер бекітіледі;
  • өтініштер қабылданады;
  • ынталандыру немесе тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныстар әзірленеді.

5.3. Кеңес қызметі ағымдық жылға жоспарланады.

5.4. Кеңестің шешімдері ұсыныс беру сипатында болады және ұсыныстар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және қадағалау мәселесі бойынша колледж жұмысын ұйымдастыруда қолданылады.
 

6. Кеңес құқылы

6.1. Колледждің оқу-әдістемелік үрдісі жоспарына ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге;

6.2. Топ жетекшілерінің есебін қарауға;

6.3. Ата-аналарды әңгімелесуге шақыруға, жағдайды талдау, көмек беру, баланың құқығын қорғау үшін аз қамтылған отбасыларына баруға, қажет болған жағдайда, дисфункционалды отбасылар туралы ақпаратты қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жіберуге;

6.4. Әкімшілікке әкімшілік шаралар қолдану туралы өтініш беруге (кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік шараларды кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қабылдауы мүмкін);

6.5. Қоғамдық қауіпті жағдайға душар болған және жеке профилактикалық жұмыстарға мұқтаж студенттерді колледжішілік есепке қоюға, сонымен қатар тіркеуден шығаруға құқылы.
 

7. Студенттің колледжішілік есепке қойылуы

Оқу жылы ағымында студенттерді тіркеу және мерзімі туралы шешім Алдын-алу кеңесінің отырысында қабылданады, онда тіркеу себебі, оның мерзімі (3 айдан 1 жылға дейін) және тіркеуден шығару шарттары түсіндіріледі.
7.1. Сабаққа жүйелі түрде себепсіз келмейтін (оқу сағатының 15-30%),  сабаққа жүйелі түрде кешігіп келетін студенттер. Сабаққа келуді есепке алу.

7.2. Ішімдік ішу, темекі шегу және басқа да бұзушылықтармен көзге түскен студенттер.

Оқытушылардың колледжішілік есепке қою туралы Алдын алу кеңесіне ұсынған өтініші.

7.3. Тәртіпті жүйелі түрде бұзатын, қоғамға қарсы мінез-құлық элементтерін көрсететін студенттер (дөрекілік, төбелес, басқа балаларды мазақ ету, адамның қадір-қасиетін қорлау). Оқытушылардың баяндау хаттары.
7.4. Колледж мүлкін зақымдаған студенттер. Баяндау хат.
7.6. Ішкі тәртіп ережесін бұзған студенттер.

8. Колледжішілік есептен шығарылуы

8.1. Жұмыс жүргізудің оң нәтижелері болған жағдайда Алдын алу кеңесінің отырысында студенттің колледжішілік есептен шығарылуы туралы шешім қабылданады

8.2. Белгіленген мерзімнен кейін және оң нәтижелер болса,  есептен шығарылу студенттердің қатысуымен Алдын алу кеңесінде жүзеге асырылады

Контакты

050040 г. Алматы, ул. Абая 52г

+7 775 281 89 11

+7 701 317 83 86

+7 707 259 09 63

+7 702 903 86 63

Виртуальная книга жалоб: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org