МАМАНДЫҚ : 06120100 – Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
БІЛІКТІЛІГІ: 3W06120101 «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»
Бұл маман компьютерлік техниканың, жергілікті желінің, бағдарламалық жасақтаманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Компьютерлерге қызмет етеді және ұйымдағы жабдықтардың, компьютерлік бағдарламалар мен ақпараттық желілердің үздіксіз жұмысын реттейді.
Желілік жабдықты қосып, оның жұмысын бақылайды. Ол диагностика жүргізеді және жергілікті желі мен желілік жабдықтың бір немесе бірнеше элементтерінің жұмысындағы ақауларды жояды, жергілікті корпоративті желі арқылы ақпарат алмасады, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, ғаламдық желі ғаламтор сегменттерін қамтитын компьютерлік желілердің конфигурациясы мен жұмысын үйлестіреді. Желілік қауіпсіздікке, компьютерлер мен компьютерлік бағдарламалардың жұмысына жауап береді. Аталмыш маманға компьютерлер мен компоненттерді сатып алудан бастап, веб-сайттар жазуға дейінгі көптеген міндеттер жүктелген.
Жұмыс орны:
компьютерлер мен бағдарламалық жасақтаманы әр түрлі салаларға енгізетін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке мекемелер, атап айтқанда: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық, қызмет көрсету, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі технологияларды басқару.