МАМАНДЫҚ: 06120200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
БІЛІКТІЛІГІ: 4S06120202 «Ақпараттық қауіпсіздік технигі»
Бұл маман ақпаратты рұқсатсыз қол жетімділіктен және жоғалтудан қорғаудың құралдары мен әдістерін біледі, домендік қызметтердің (Microsoft Active Directory), желілік технологиялардың (CCNA деңгейіндегі маршруттау, коммутация, NAT, ACL), Cisco ESA (Email Security Appliance, IronPort), MS Exchange қауіпсіздік принциптерін біледі, криптографияны зерттейді (деректерді шифрлеу).
Көп деңгейлі ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (логиндер мен парольдер, телефон нөмірлері, саусақ ізі, торлы қабық және т.б. бойынша сәйкестендіру) теңшейді, жүйенің құрамды бөлшектерін (компаниядағы сайт, сервис, автоматтандырылған жүйе) осалдықтарға тексереді. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жүйелерін (DLP, SIEM және т.б.) жобалайды және енгізеді. Маман ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жобалаумен, басқарумен, техникалық қызмет көрсетумен және тестілеумен айналысады. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің аппараттық және бағдарламалық қорғанысын қамтамасыз етеді
Жұмыс орны:
Сыни ақпаратпен жұмыс жасайтын адам қызметінің барлық саласында ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын әзірлейтін, енгізетін және қолданатын мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар.