WorldSkills

WorldSkills

WorldSkills - бұл жұмысшы мамандықтардың  беделін көтеруге және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills қозғалысы, оның ішінде EuroSkills, жастарды жұмысшы мамандығын игеруге баулиды және еліміздің жас мамандарына әлемдік аренада өздерінің кәсіби шеберліктері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы - кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Негізгі мақсаттар:
1. Жастарды кәсіптік оқытудың және оларды Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (бұдан әрі - ТжКБ) енгізудің үздік әлемдік тәжірибесін анықтау;2. Инновациялық процестерді ынталандыру және Қазақстанның ТжКБ жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу;3. Білім беру бағдарламаларын жетілдіруге тұрақты әдістемелік көмек көрсету арқылы Қазақстанның сарапшылар қауымдастығын дамыту;4. Жұмыс істейтін адамның мәртебесін және техникалық мамандықтардың беделін көтеру.

Қазақстан Республикасының WorldSkills халықаралық қозғалысына енуіне байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіби шеберлік байқауын өткізу дәстүрге айналды.

Қазақстан WorldSkills халықаралық ұйымына 2014 жылы қосылды және кәсіби шеберліктің аймақтық, аймақаралық және ұлттық чемпионаттарын 50-ден астам құзыреттілік бойынша өткізеді. Сонымен қатар, биылғы байқауға FutureSkills-тің болашақ мансабына қажетті мамандықтары мен дағдылары туралы түсінік қалыптастыруға көмектесетін құзыреттер кірді7

FutureSkills - бұл жоғары технологиялық өндіріс пен цифрлық экономика жағдайында сұранысқа ие, болашағы бар мамандықтардың бәсекелестік аймағы.

ТО_Ақпараттық қауіпсіздік

КЗ_ Ақпараттық қауіпсіздік

ТО_Ақпараттық қосымшаларды дайындау

КЗ_ Ақпараттық қосымшаларды дайындау

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org