Қашықтықтан оқыту

ИТК-дегі қашықтықтан оқыту

 

Колледжде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесі EduPage білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, оқытушылар бейнеконференциялар өткізу үшін ZOOM және Discord платформаларын қолдануда.

Колледждің білім беру порталы сандық форматтағы білім мазмұнын қамтиды (электронды оқу-әдістемелік кешен: дәріс материалы, зертханалық және практикалық тапсырмалар, студенттерге арналған бақылау, өзіндік жұмыс, бейне сабақтар, презентация-сабақтар және т.б.). Студенттер мен оқытушылардың барлық электрондық ресурстарға қол жетімділік жағы қарастырылған.

Бүгінгі таңда студенттер мен оқытушылар білім беру платформасын толық түрде қолданады. Білім беру платформаларында оқытудың барлық бөлімдері қамтылды: EduPage, ZOOM және Discord.

 

Колледж оқытушыларының бейнесабақтары

2020 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі қашықтықтан оқытуға көшіп, оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін пәндер бойынша бейне сабақтарын белсенді түрде әзірлей бастады.

Педагогикалық қызметті ынталандыру мақсатында 2020 жылдың 6-9 сәуір аралығында колледжде ПЦК бойынша «Үздік  бейнесабақ» (ұзақтығы 10-15 мин) байқауы өткізілді. Бейнесабақтардың тақырыбы 2019-2020 оқу жылының сәуір-мамыр айларына арналған КТЖ-ге сәйкес болды. Байқауға колледж оқытушылары, сондай-ақ сабақ беретін әкімшілік мүшелері қатысты. Жүлде қоры 200 000 теңгені құрады: әр ПЦК жеңімпазына  50 000 теңге және алғыс хаттар табысталды.

Байқау қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз анықталды, олардың бейнесабақтары ПЦК-де үздік деп танылды:

  1. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» ПЦК – Саясат Н. Е.;
  2. «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер» ПЦК – Асет А.;
  3. «Жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК – Марамзина Е.В.;
  4. «Тілдік пәндер» ПЦК - Акимова З.К.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Біздің оқытушылардың бейнесабақтарын төмендегі сілтемелерді басу арқылы көре аласыздар.

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org