15.02.24 күні, колледжімізде 1-курс білім алушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» тақырыбында пікірсайыс өтті. Бұл шара «Саналы ұрпақ» ұйымы, дебат клубы ұйымдастыруымен өткізілді.
Пікірсайыс ойынына қатысушылар парақорлық пен жемқорлықтың зияны мен кері әсерлерін талқылады. Пікірсайыс нәтижесінде халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды құқықтық тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үрдісінде оң нәтижелерге жетуге болатыны тұжырымдалды. Дебат соңында барлық қатысушылар кез келген ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуда әркім өзінен бастау керек деген ортақ пікірге келді.
Төреші тарапынан керекті өзгерістер ұсынылуымен пікірсайыс қорытындыланды.