Бүгін біздің колледжде Прага қаласынан келген Карлов университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Колледж директоры Ф.В.Буркутбаева Карлов университетінің делегациясымен бірге ынтымақтастықтың түрлі аспектілері мен бірлескен жұмыстың әлеуетті жобаларын талқылады.
Карлов университеті Чехияның жоғары білім беру жүйесінің сапасының үлгісі болып табылады және оның өкілдерімен кездесу біздің жаһандық серіктестікке ұмтылуымыздағы маңызды қадам болды.