Дүниежүзілік кітап күні біздің мәдениетіміз бен руханиятымыздың байлығын қалыптастыратын әр парақтың, әр сөздің құндылығын еске салады. Біздің кітапханада оқытушылар мен студенттер "Кітап - тарих, шежіре"атты іс-шарада өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісу үшін жиналды. Әдеби-музыкалық бағдарлама осы ерекше сәтте бөліскен кітап даналығының шексіз мұхитына қысқаша шолу болды.