Біздің колледждің бірінші курс студенттері далалық жиындарға қатысуда. Қыздар алғашқы медициналық көмек дағдыларын үйренеді. Олар әртүрлі жағдайлардың белгілерін тануды, шұғыл көмек көрсетуді және төтенше жағдайларда әрекет етуді үйренеді. Бұл кез-келген жағдайда өзгелерге көмектесуге дайын болуға қажетті маңызды дағдылар.