«Ұлттық кітап» күніне орай Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Принтмедиа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Кітап – білім бұлағы» атты қалалық байқау өткізілді.
Аталмыш байқауға біздің оқу ордамыздан 1 курс студенттері — РПО2-24К тобының білім алушысы Алайдарова Құрманай мен РПО1-24К тобының білім алушысы Бисенбай Жібек қатысып, өздерінің білім деңгейлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Алматы қаласының 15 колледжінің білім алушылары бас қосқан бұл сайыста қатысушылар кітапқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, өз ой-өрістерін, білім мен зерделілік қабілеттерін сынады. Байқау барысында біздің студенттер белсенділік танытып, білімдерін жоғары деңгейде дәлелдей білді.
Бұл байқауға қатысу — білім алушыларымыздың рухани дамуына, әдеби сауаттылығының артуына және шығармашылық әлеуеттерінің ашылуына үлкен мүмкіндік болды.