
Бүгін біздің колледжге Zhejiang Security Technology колледжінің (Қытай) делегациясы келді.
Колледж директоры Ф.В.Буркутбаева қонақтарға колледжді таныстырып, мамандар даярлау бағыттары және даму перспективаларымен бөлісті.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сәуір айында біздің студенттердің Қытайда тағылымдамадан өтуі жоспарлануда.
Серіктестермен бірлесіп IT саласының бірнеше бағыттарын дамыту көзделуде.
Келіссөздер барысында көптеген қызықты жобалар айқындалды және оларды студенттер мен білім беру ортасы үшін барынша тиімді қылып жүзеге асыратынымызға сенімдіміз.

