Ұлттық кітапханада Нұржан Жанпейісов, Саян Ақмолда, Амангелді Күзеубай және «Өнердің өрісі» атты дәстүрлі әнші-күйшілер клубының өзге де мүшелері, еңбегі сіңген қайраткерлермен кездесу өтті. Кездесу біздің білім алушыларға жақсы әсер қалдырды. Олар ақын-жазушылардың өлеңдерін, күйшілердің күйлерін тыңдап, рухани тәлім алып қайтты.



