Колледжімізде Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымы мол дөңгелек үстел өтті. Қонақ ретінде ауған жерінде азаматтық борышын өтеген ардагерлер – Сайлан Тұрғанбек және Дауытов Айдархан арнайы келіп, студенттермен ашық сұхбат құрды.Кездесу барысында қонақтар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отанға адал қызмет етудің, батылдық пен бірліктің маңызын ерекше атап өтті. Әсерлі әңгімелер жастарға үлкен ой салды, патриоттық рух сыйлады.Мұндай кездесулер – тарихты құрметтеп, ерлікті ұлықтаудың жарқын көрінісі.


