Колледжде студенттердің ювеналдық полиция инспекторы Смаилова А.Р. профилактикалық кездесуі өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындар мен білім беру ортасында мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.
Инспектор заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіріп, тәжірибеден мысалдар келтірді және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Әсіресе, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және саналы шешім қабылдауға ерекше назар аударылды.






