Колледжде 1-курс топтарының старосталарына арналған «Мафия» ойынының желісі бойынша квест ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің бір-бірімен танысуына, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталды. Ойын барысында қатысушылар өзара әрекеттесуді, тапқырлық танытуды, өз пікірін дәлелдеуді және командамен жұмыс істеуді үйренді. Квест достық әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға бір-бірін жақынырақ тануға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.


