Ұлы Абай Құнанбайұлы адамның ең жақсысы ұстаздан деген. Ұстаз болу бұл жоғары мақсат, ерекше талант және асыл миссия. Мұғалім оқушыларына білім бере отырып, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін ашады, шығармашылық ойлау және тәуелсіз шешім қабылдау қабілеттерін дамытады.
Мұғалімдер күні – біздің қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін барлық мұғалімдерге алғыс айтудың тамаша мерекесі.
1 қазанда Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжінде осы ерекше мерекеге арналған мерекелік концерт өтті.
Колледж директоры Бүркутбаева Фаина Валиевна құттықтау сөз сөйледі. Ең үздік педагогтарға Колледж, салалық кәсіптік білім беру ұйымдары одағының және Алматы қаласы Білім басқармасының грамоталары табыс етілді.
Мерекелік іс-шара бағдарламасы Инновациялық техникалық колледж оқытушылары қатарына кіру рәсімін қамтыды. Мұғалім ретінде кәсіби жолын бастаған 20 жас маман ант берді.
Концерт жылы және әсерлі атмосферада өтті. Іс-шара соңында барлық оқытушыларға сыйлықтар табысталды!
Барлық әріптестерімізді мерекемен тағы да құттықтаймыз! Баршаңызға жоғары кәсіби жетістіктер, жаңа идеялар, рухани үйлесімділік және өркендеу тілейміз!





