Бүгін колледжде студенттер мен оқытушылардың Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "ЖАҢАРУ" РҚБ АГФ өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге "ЖАҢАРУ" РҚБ директоры Қ.Қ. Өскенов, А. А. Аканова, М. М. Ахметсафин, М. М. Калимолдин, Э. Б. Таубаева, Ю.А.Скоробогатова қатысты.
Кездесу 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде өтті. Кездесудің мақсаты "Құқықтық нигилизм-сыбайлас жемқорлық негіздері"тақырыбын түсіндіру және талқылау болды.
Кездесудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған. Семинар қонақтары студенттермен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларын, олардың салдарын барынша азайтуды, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін әрқайсысының қатысуын талқылады.