14 сәуір күні колледжде "Цифрлық білім: жаңа уақыт – жаңа шешімдер" атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция қазақстандық және шетелдік мамандарға білім беруді цифрландыру саласында білім мен тәжірибе алмасуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудың үздік тәжірибелерін зерделеуге мүмкіндік берді. Конференцияға Қазақстан, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан елдерінің 300-ден астам мамандары мен педагогтары қатысты.
Конференция жұмысы екі сессияны қамтыды.
Таңертеңгілік сессияда келесі спикерлер сөз сөйледі:
Романов Андрей, Roland DG EMEA бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Мәскеу қ.
Эльмира Обри, business growth сарапшысы, techwoman бағдарламасының жетекшісі, сертификатталған бизнес-өсу және стартап трекері
Исхакова Гүлбахар, Бішкек компьютерлік жүйелер және технологиялар колледжінің бөлім меңгерушісі
Мария Хавьер Бругаролас, "Қазақстан мәдени, әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры" ҚҚ қорының төрағасы
Сая Аманкелдиева, "Қазақстан мәдени, әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры"ҚҚ жобасының үйлестірушісі
Александра Кнышева, Gamelab KBTU бейне ойындарын әзірлеу және зерттеу зертханасының жетекшісі.
Күндізгі сессия спикерлері:
YooTaek LEE, Woosong University Executive Dean of International Schools and Dean of Endicott College & the Inaugural Dean of JWKIM College of Future Studies;
Светлана Морозова, халықаралық сертификаттау мамандары қауымдастығының директоры, Мәскеу;
Жақсалықов Темірлан, Ақпараттық технологиялар және Инженерия мектебінің сеньор-лекторы, ҚБТУ;
Жанай Сағынтаев, УҚХ халықаралық дуальды оқыту кооперациясының үйлестірушісі.
Конференция процестерді цифрландыру саласындағы мәселелерді талқылау үшін үлкен пікірталас алаңы болды.
Конференция жұмысының нәтижелері бойынша материалдардың электрондық жинағы жарыққа шықты.