Жыл сайын 18 мамыр күні әлемде Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі.
Мұражайлар мәдени, тарихи және көркемдік құндылықтарды сақтайды, біздің қоғамда маңызды рөл атқарады.
Колледж студенттері Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына барды.
Студенттер археологиялық және палеонтологиялық кешендермен танысты. Сондай-ақ олардың назарына қазақтың дәстүрлі тұрмысы мен мәдениетінің заттары, әскери сауыт-саймандар жинағы, түрлі зергерлік әшекейлер және тағы басқалар ұсынылды.