Бүгін колледж студенттері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында өткен "Мансап күні" іс-шарасына қатысты.
АҚШ-тың TechWomen бағдарламасының тәлімгерлері - Amazon және Marvel Technology сияқты Кремний алқабындағы ірі технологиялық компанияларда сарапшылық және көшбасшылық позицияларға ие әйелдер STEM-де мансап құру тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер стартаптар мен жаңа технологиялар туралы панельдік сессияларға, сондай-ақ микроблоктармен жұмыс істеу бойынша практикалық сабаққа қатысты.