"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Айтылған сөздермен толықтай келісе отырып, тағыда қуанышты жаңалығымызбен бөліскелі отырмыз! Заман қанша цифрланғанымен біз әліде кітапқа тәуелдіміз, оны әліде қажет етеміз. Осы жылы колледж басшылығы кітапхана қорын толықтыру мәселесін қолға алып, бүгінде арнайы пәндер, көркем әдебиет, шетел әдебиеттері мен қазақ классика жазушыларының кітаптарымен толығып отыр.