30 маусымда колледжде eпедагогикалық кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Отырыс педагогикалық тимбилдинг форматында өтті.
Колледж директоры Буркутбаева Фаина Валиевна педагогикалық ұжымды 2022-2023 оқу жылының нәтижелері және жетістіктерімен таныстырды.
Оқытушылар шығармашылық тапсырмаларды орындап, топтарға бірігіп, 2023-2024 оқу жылына арналған колледж қызметін жоспарлау бойынша өз ұсыныстарын әзірледі.
Директордың АКТ жөніндегі орынбасары Н. Е. Саясат колледждің бейіндік бағыты бойынша қызметті құрылымдау жобасын ұсынды.
Жыл қорытындысы бойынша бірқатар оқытушыларға алғыс хаттар табысталды.
Тимбилдинг табиғатта конкурстар мен жарыстармен жалғасты.
Барлық педагогтарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Сізге жақсы демалыс, ұмытылмас эмоциялар мен әсерлер, оларды жүзеге асыру үшін жаңа идеялар мен энергия тілейміз!