БҰҰ үйінде Инновациялық техникалық колледж студенттері USupport халықаралық онлайн платформасын сынақтан өткізуге қатысты. Бұл платформаның мақсаты психикалық денсаулық саласында қолдауға қолжетімділікті арттыру болып табылады. Фокус-топ форматында қатысушылар онлайн-ресурсты өз бетінше тексере алды, маманға жазыла алды, психологтың кеңесін алды және жасөспірім пайдаланушылар мен жастар атынан өз пікірлерін берді. Іс-шараның ұйымдастырушылары БҰҰ Балалар қоры (ҚР ЮНИСЕФ), ДСӘДМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы және жастар мен отбасы денсаулығы орталығы (МДМО) болды.