17 қазанда колледжде шетелде оқуға түсу мәселелеріне арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге Чехия, Словакия, Солтүстік Кипр және Италияда білім алу бойынша тәжірибелі кеңесшілер қатысты.
Спикерлер шетелде білім алу мүмкіндіктері, қабылдау тәртібі, әртүрлі бағдарламалар мен мамандықтар және университет пен оқу елін таңдау кезінде қандай факторларды ескеру керектігі туралы толық ақпарат берді. Студенттер визалардың түрлері, қаржылық қолдау және орналасу нұсқалары туралы білді.
Біздің әрбір түлегіміз ары қарай білім алуда өз жолын тауып, кәсіби мақсаттарына жете алатынына сенімдіміз!