Бүгін 26 қазан күні колледжіміздің РПО3-23к тобының студенттері Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығының «Дау-дамайлар мен жанжалдарды реттеуде медиацияның рөлі» атты конференциясына қатысты.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, сот, бизнес, азаматтық сектор өкілдері, медиаторлар, студент жастар және т.б. қатысты.
Конференция басында Қазақстан медиаторлар қауымдастығының төрағасы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының лектор-сарапшысы Жанділда Жақыпов баяндама оқыды. Сонымен қатар конференцияда Алматы қалалық сотының отставкадағы судьясы Халбуви Шарипбаева, «DAXX GROUP» ЖШС директоры Серік Омар, медиатор Халбуби Жанботаева сөз сөйледі.