Колледжде "қызықты адамдармен кездесу" клубы аясында , батыр мамандық өкілдері - өрт сөндірушілермен кездесу өтті. Өрт сөндірушілер-қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқара отырып, отты жеңетін маңызды мамадық иесі. Олар қорқынышты, күшті, дайындалған, жанқиярлық. "қызықты адамдармен кездесу" клубына Бостандық ауданы ТЖД бастығы және қызметкері А.Ж. Құрмантаев және Д. Бекетаев шақырылды. Кездесу барысында студенттерге мамандықтың қыр-сыры, жұмыста туындаған түрлі жағдайлар туралы айтты, студенттер біздің қонақтарымызды қызығушылықпен тыңдады.




