Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

БІЛІКТІЛІГІ: 3W06130102 «Web-дизайнер»

Веб-дизайнер - бұл веб-парақтарды құратын және оларды веб-сайттарға біріктіретін Интернет-технологияны білетін, көркемдік талғамы бар адам. Веб-дизайнердің басты міндеті - интернет-жобаға мүмкіндігінше көп қолданушы қызығатындай етіп жасау. Аталмыш мамандық екі аспектіні қамтиды: арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану және дизайндік қызмет.

Негізгі қызметі:

  • • сайтқа кірушілердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
  • • идеялардың орындау стилін құру және сервер макетін әзірлеу;
  • • құжаттарды жүктеу уақытын, деректерді беру арнасының өткізу қабілеттілігін, құжаттың графикалық файлдарының көлемін, түстер палитрасының сапасын ескере отырып, монитор экранында веб-құжаттардың жақсы қабылдануын қамтамасыз ету;
  • • веб-парақтардың орналасу ережелерін анықтау, пішінін, фонын, безендіру элементтерінің саны мен сапасын таңдау;
  • • веб-құжаттардың стиль үлгілерін құру;
  • • сайт құрылымын жобалау және жоспарлау;
  • • бағдарлама бөлігі мен парақтың кодын жазу;
  • • бүкіләлемдік желіде (WWW) компанияның ақпараттық саясатын жүргізу;
  • • веб-парақтарды дайындауға және тексеруге арналған құралдарды орнату және олармен жұмыс жасау;
  • • интерактивті веб-қосымшалар құру;
  • • веб-құжатты жаңарту;
  • • статикалық өңдеуге арналған қосымшаларды құру және олармен жұмыс жасау.

Жұмыс орны:

бағдарламалық жасақтаманы жасайтын, енгізетін және адам қызметінің барлық саласында қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

БІЛІКТІЛІГІ: 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»

Орта деңгей маманы бағдарламалау тілдерінде қосымшалар мен мобильді қосымшаларды әзірлейді: C #, Java, Python, Swift және т.б. Access, MySQL, 1C мәліметтер қорын басқару құралдарын дамыту негіздерін біледі. HTML, PHP, XML, JavaScript бағдарламалау тілдерінің негізінде әмбебап желілік қосымшалар мен сайттар жасайды, Adobe InDesign, Photoshop және CorelDraw негізінде компьютерлік графиканы зерттейді, желілік технологиялар мен криптография әдістерін меңгереді.

Маман төмендегі қызметтерді атқарады:

  • • қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау;
  • • бағдарламаны әзірлеудің барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны таңдау;
  • • бағдарламалау тілін таңдау;
  • • бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды енгізу және қолдау;
  • • бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді тестілеу.

Жұмыс орны:

бағдарламалық жасақтаманы жасайтын, енгізетін және адам қызметінің барлық саласында қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

БІЛІКТІЛІГІ: 4S06130105 «Ақпараттық жүйелер технигі»

Ақпараттық жүйелер технигі - бұл автоматтандырылған ақпаратты өңдеудің стандартты технологиялық процестерін әзірлеу, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер компоненттерін жасау, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу және қолдау бойынша маман.

Ақпараттық жүйелер технигінің кәсіби қызмет саласы әр түрлі мақсаттағы ақпараттық жобаларды әзірлеу және қолдау болып табылады.

Ақпараттық жүйелер технигінің кәсіби қызметінің объектілері: ақпараттық жоба, жобалар портфелі, бағдарламалық және желілік құралдар мен кәсіпорындардың ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының платформалары.

Негізгі қызметі:

  • • коммерциялық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің ұйымдастырушылық басқару міндеттерін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
  • • ақпараттық жүйелер мен іскери қосымшаларға қойылатын талаптарды талдау;
  • • ақпараттық жүйелер мен іскери қосымшаларды әзірлеу;
  • • жобалау сипаттамаларын және іскери қосымша архитектурасын жүзеге асыру;
  • • ақпараттық жүйелерді модификациялау, оңтайландыру және дамыту ережелерін сақтау.

Жұмыс орны:

бағдарламалық жасақтаманы жасайтын, енгізетін және адам қызметінің барлық саласында қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org