Паспорт библиотеки

Кітапхана туралы мәлімет

Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді.

Эрнест Хемингуэй.

bibliotekar2023

Алматы қаласы  Инновациялық техникалық колледжінің кітапханасы- колледж оқытушылары мен студенттері үшін маңызды ақпарат, мәдени және білім беру орталығы болып табылады.

Кітапхана қоры

Бүгінгі күні кітапханада 22223  мың дана кітап қоры бар, оның ішінде мемлекеттік тілде, және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған. Жыл сайын кітапхана қоры қажетті мөлшерде жаңартылуда. Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік құралдар мен басқа да қосымша әдебиеттер, соның ішінде электронды таратқыштар тізімін бекіту туралы» және басқада нормативті құжаттар негізінде жүзеге асырылады.  Кітапхана  қорын ұлғайту үшін белсенді қызмет атқарады. Мұғалімдер, колледж түлектерінің берген кітаптар есебінен кітапхананың кітап қорын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін «Досыңа кітап сыйла » акциясын өткізу дәстүрге айналды.   Кітапхананың қоры жаңа кітаптармен толығуда. Жаңа оқулықтарды талқылау барысында жастардың білім деңгейін әлемдік дәрежеге көтеріп, қабілеттілігін қалыптастыру көзделеді. Жарық көрген оқулықтардың барлығы дерлік  бәсекеге қабілетті жастарды даярлаудағы заманауи құндылығымыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 100 жаңа кітап бойынша IT саласына арналған оқулықтармен таныстырылды.

Кітапханалық - библиографиялық қызметтер

Кітапхана оқу үдерісіне ақпараттық қолдау көрсетеді. Колледж кітапханасы білім беру үдерісінің, жеке студенттің мәдениет ықпал етеді және кітапхана оқу процесі үшін ақпараттық қызметтердің тиімділігі мұғалімдер мен студенттердің библиографиялық қызметін жақсарту үшін қызмет атқарады, сол уақытта дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды дамыту, жетілдіру, студенттердің библиографиялық және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бағытында білімді таратады.

Түрлі қызмет көрсету жүйесінде анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыс өте маңызды болып табылады.  Кітапхана анықтамалық және библиографиялық жұмысты бірнеше бағыт бойынша жүргізеді: тақырыптық қалталарды (тұлғалар, маңызды оқиғалар, президенттің жолдаулары және т.б.), библиографиялық көрсеткіштерді, библиографиялық анықтамаларды, ақпараттық жұмыстарды, кітапханалық және библиографиялық білімді насихаттау.

Әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» өткізіледі. Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ   ақын –жазушылардың даталы күндеріне арналған «Атаулы есімдер» бұрышы ұйымдастырылып, оқырмандармен таныстырылып, бұрыштан керекті материалдарды алып  оқушылар сабақтарында пайдаланды.  Жыл сайын кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылып, оқырмандар сұранысын толыққанды қанағаттандырып отыр.

Контакты

050040 г. Алматы, пр. Абая 52г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Телефон доверия колледжа +7 727 313 21 18

Виртуальная книга жалоб: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org